Биыл пітір садақа мөлшері қанша теңге болды?

384
28.03.2022 04:55

Биылғы пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Бұл туралы елордада Бас мүфти төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәжілісінде хабарланды. Пітір мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде бекітілген. Сондай-ақ, төралқа мәжілісінде наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталатынын мәлімдеді. Айта кетсек, 2 мамыр – Ораза айт, 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні болып белгіленді.