Жол қозғалысын реттеуші кішкентай полицей желі қолданушыларын тәнті етті

264
28.03.2022 04:52

Полицей болуды армандайтын қарағандылық 5 жасар баланың қылығы елді тәнтті етті. Әлеуметтік желіде тараған видеода Бағдаулет есімді балақай полицей киімін киіп, жергілікті көліктерді тоқтата бастаған. 3 жасынан бастап полицей болуды армандаған балақайға әкесі арнайы форма мен куәлік сыйлапты. Алайда ата-анасы дүкенге кеткенде, ауа райының қолайсыздығын білген ол көліктерге ескерту үшін жол бойына шыққан. Көптің көзіне түскен Бақдаулеттің үйіне Жол тәртіп сақшылары арнайы барған. Олар оны өздерінің қызметтік көлігіне отырғызып, балақайдың арманын бір сәтке орындаған.