Халық санағына дайындық басталды

319
02.06.2021 21:08

Халық санағы биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. Онлайн немесе дәстүрлі форматта қатысуға мүмкіндік қарастырылған. Қазір барлық елді-мекендерде дайындық жүргізіліп жатыр. Нысандарды аралау кезінде мамандар өздерін таныстырып, санақ жүргізушінің куәлігін көрсетуі тиіс. Жұмыстың мақсатын түсіндіріп, сол мекен-жайда тұратын тұрғындардың тізімін жазып алады. 1-ші қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмыс істейді. Ал, мобильді телефонмен тіркелемін дегендерге Aitu қосымшасы арқылы санақтан өту мүмкіндігі бар.