Маскасыз жүруге рұқсат берілді

277
28.03.2022 04:40

Енді бетпердені барлық жерде тағып жүрудің қажеті жоқ. Сауда орындарында ашыққа кіріп әуре сарсаңға да түспейсіз! Вице премьер Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияның отырысында осылай деді. Эпидахуалға байланысты карантиндік шектеулерге бірқатар өзгерістер енгізілді. Карантиндік шектеу жеңілдетілгенімен, медицина ұйымдарында маскасыз кіре алмайсыз. Есесіне, қоғамдық орындарда бетпердеге бүркенбей-ақ жүруге болады. Мамандар масканы тағып жүруге кеңес бергенімен, талап етпейді. Халық бұл сәтті асыға күтті. Себебі, тұрғындар коронавирус елімізде тіркелген күннен бастап 2 жылға жуық уақыт қайда барса да бетпердемен жүруге мәжбүр болған еді. Сондай-ақ,  «Pfizer»-мен егілуге жататын тұлғалар контингенті кеңейтілді. Бұл екпені  60-тан асқан ересектер ғана емес,  кез-келген ерікті салдыра алады. Бұл санатқа COVID-19 вирусына қарсы үшінші рет вакцинация қабылдаймын деушілер ғана кіреді дейді терапевт дәрігер Ардақ Шенгелбаева.

Айта кетерлігі, Түркістан облысында соңғы тәулікте КВИ-дің бірде-бір жағдайы анықталмады. Тиісінше өңір жасыл аймақта. ПТР зерттеулер бойынша өткен тәулікте 536-ға жуық адам тексеріліп, жалпы 1 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясына тексеруден өткен. Қорда екпенің барлық түрі жеткілікті дейді мамандар.