Түркістан
EN

Түркістан облысында қаңтар оқиғасына қатысқан 15 адам қамауда отыр

613
28.03.2022

Қаңтар оқиғасындағы жаппай бүлікке Түркістан облысынан 15 азамат қатысқан. Облыстық прокуратураның мәліметінше, олардың барлығы бөтеннің мүлкін ұрлағандар. «Күдіктілердің ісін тергеу әлі жалғасып жатыр. Десе де тергеу кезінде ұсталғандарды азаптау дерегі тіркелмеген. Оған себеп, барлық құқық қорғау орындарында бейнебақылау камерасы орнатылған» дейді мамандар. Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, қамаудағы азаматтардың құқығы құзырлы органдар тарапынан тапталса, мамандар бірден жауапқа тартылады екен.

️