Түркістандағы Назарбаев мектебінде "Наурыз кездесулері" сайысы өтті

307
25.03.2022 05:44

Түркістанда алғаш рет «Наурыз кездесулері» ғылыми сайысы өтті. Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің оқушылары жасанды интеллект пен мехатроника жетістіктерін ортаға салып сынға түсті. Елдің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушылар туралы келесі бейнематериалда толығырақ айтамыз. Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Силикон алқабына айналғандай. Мұндағы футуристикалық жаңалықтардан көретін технологиялардың барлығын еліміздің әр өңірінен келген оқушылар өздері жасап шығарған. Ғарышты игеруге арналған технологияларды, адамның қауіпсіздігі туралы ақпарат беретін мобильді қосымша секілді жобалардың түпнұсқасы дайын деп айтуға болады. Тағы бір жақсы жаңалық – Түркістан облысының жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері енді оқушыларды осы жасанды инттелект және мехатроникамен жұмыс істеуге үйретеді. Ол үшін Түркістандағы Назарбаев Зияткерлік Мектеп ұстаздары арнайы курс өткізбек.  Өңір мұғалімдері онда  әлемдік алпауыт компаниялардың стратегиялық жұмыс істеу тәсілдерін меңгере алады.