Қымбат көлікті шекара асырмақ болмағандар ұсталды

244
25.03.2022 05:36

Шекарадан қымбат көліктерді алып өтпек болғандар ұсталды. Тарқатып айтар болсақ, Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан өткізу пунктінде Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру барысында шекара жасағы 3 жүк көлігін тексерген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес оның ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл автокөлік болған. Тауардың алдын-ала бағалау құны 70 млн теңге. Контрабанды өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары құрықталды. Ал ұсталған жүк облыстық тергеу департаментіне тапсырылады.