Қарттар үйіндегі қариялар шаңырақ көтерді. Отау тіккен Өмірәлі Бектасұлы 82 жаста болса, жұбайы өзінен бес жас кіші. Шаңырақ иелері өздерін бақыттымыз дейді. Қазір Түркістан облысындағы қарттар үйінде 200-ге жуық егде жастағы азамат тұрып жатыр. Өкініштісі бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш екен. Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер мұнда қалай тап болды?
️