Түркістан облысының активі Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы мәселелерді іске асыру жайын талқылады. Жиында мемлекет басшысы реформалауды тапсырған сала өкілдері баяндама жасап, түйіні тарқамаған түйіткілдерді ортаға салды. Жалпы саяси трансформацияны барлығы құптап отыр. Әсіресе, партия мүшесі болмай ақ сайлауға қатысуға мүмкіндік берілсе шын лидерлер анықталатын ақиқат дейді дөңгелек үстелде бас қосқандар.
️