Жалпыға бірдей декларация қашан және қалай тапсырылады?

376
24.03.2022 05:31

Келер жылы жалпыға бірдей  декларацияның екінші кезеңі өтеді. Бұл жолы мемлекеттік мекемелердің,  квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тапсырады. Бұл Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, көлеңкелі бизнестің жолын кесудің бір жолы. Әрі мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өкілетті органдарда тіркелген жылжымайтын мүлік және автокөлігі туралы мәліметті декларацияда көрсетудің қажеті жоқ. Декларацияны жазбаша  15 шілдеге, ал электронды түрде қыркүйектің 15-нен кешіктірмей  тапсыру керек. Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңмен жүзеге асады. Былтыр алғашқы кезеңде 500 мыңға жуық адам декларация тапсырды.