Қазақстандағы ресейлік банктер тұтынушыларының 80 процентін жоғалтуы мүмкін. Қаржы сарапшылары осындай пікірде. Мамандардың айтуынша, қазірдің өзінде елдегі ресейлік банктердің клиенттері азайып жатыр. Олар өз салымдарын республикадағы өзге жетекші қаржы ұйымдарына аудара бастаған. Өйткені Сбербанкте Visa және Mastercard арқылы қаржы аударымдарын жасауда кедергілер пайда бола бастады. Бұған дейін ВТБ банкінде де осындай шектеулер болған. Бұл банктердің картасынан өзге банктерге аударым жасау, немесе қаржыны екінші банктің банкоматынан шешіп алу шектелген.
️