Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Президент Қасым Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында осылай деді.Сондай-ақ мемлекет басшысы қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керектігін айтты. Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес - дейді ол. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті – деді. Бұл бастаманы журналистер жылы қабылдады. Ақпарат саласындағы көптеген түйіткілді мәселелердің шешілуіне септігін тигізеді деген сенімде.
️