Мектептер мен колледжерде сондай-ақ университеттерде Ашық қосымшасы алынып тасталды. Бұл туралы еліміздің бас санитары Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның сөзінше сары және жасыл аймақтағы өңірлердегі білім беру мекемелерінде бұрынғыдай карантиндік талап болмайды. Алайда, кейбір нысандарда маскалық режим сақталады. Олардың қатарында мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда сондай-ақ, бизнес орталықтары бар. Яғни барлық қызметтік кеңселердің кіреберісінде антисептигі бар санитайзерлер орнаталуы керек. Сондай-ақ, жұмыс бөлмелері уақытылы тазартылып, барлық қызметкерлер бетперде киюі міндетті.
️