Шымкентте жаңа Қазақстанның құрылатынына күмән келтірген басшы жұмысымен қоштасты. Қаладағы жастар ресурстық орталығының директоры орынбасары ойын әлеуметтік желіде жазған. Жай ғана жазып қойса бір сәрі, боғауыз сөзбен жеткізген. Және "бір жерін шөлп еткізіп қайтпадың ба" деп кеңес берген шенеунік кейін осы сөздері үшін кешірім сұрады. Алайда, ертесіне жылы орнымен қоштасты. СНХ: ОТВ: Ал, идеологтан сөз естіген желі қолданушысын табу мүмкін болған жоқ. Жұмысымен қоштасқан Сейіт Ермахановтың сөзінше бұл фэйк аккаунт екен.
️