Түркістан облыстық мәслихаты сессиясында қандай мәселелер қаралды?

283
15.03.2022 05:35

Былтырдан бастап халық қалаулылары жер қойнауын пайдалану мен заңсыз карьерлер мәселесін қозғап келеді. Облыстық мәслихат депутаттарының ұсынысымен арнайы жұмысшы топтар құрылып, аудан, қалаларда рейдтік шараларды да жүргізді. Мониторинг нәтижесінде әсіресе Кентау қаласы, Шардара, Отырар, Созақ және Сауран ауданындарында заңбұзушылықтар белең алғаны анықталды. Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов рейдтік шаралардан соң аймақта 18 келісімшарт пен 4 лицензияның күші мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады. Одан бөлек жиында апатты мектептердің, ауыз судың мәселесі қозғалды.