Оралдық әйел 9 айлық баласын эскалатордан құлатып алды

309
15.03.2022 05:27

Оралда анасы 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды. Оқиға сауда орталығындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Желіде тараған кадрда әйелдің эскалаторға көтерілгенін көруге болады. Бір сәтте бала анасының қолынан шығып, төменге құлап кеткен. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестенің жағдайы өте ауыр. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы және қан құйылу диагнозы қойылған. Сәби қазіргі таңда жасанды желдету аппаратына қосылған. Аталмыш оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.