Жаңа Қазақстанды ескі қорғаныс күштерімен құра алмаймыз. Осылай деген мәжіліс депутаты Айдос Сарым еліміздің әскери құрылымын сынға алды. Қорғанысқа бөлініп жатқан миллиардтардың қайда жұмсалып жатқанын тексеру керек дейді халық қалаулысы. Өйткені өңірлердегі әскери бөлімшелерге жағдай жасалмаған. Тіптен кейбірінен Сталинизмнің иісі аңқып тұрған көрінеді. Мәжілісмен тиісінше, отандық армияны қайта жаңғыртуды ұсынды.
️