Жамбыл облысында миллиондаған табыс тапқан майнинг фермасы анықталды

207
14.03.2022 04:43

Жамбыл облысында 90 миллион теңге кіріс тапқан заңсыз майнинг фермалардың жолы кесілді. Көлеңкелі бизнеспен айналысқандар жедел іздестіру шаралары кезінде анықталған. Жасырын майнинг фермаларының бірі шетел азаматы басшылық ететін өндірістік базаның аумағында болған. Мамандардың есебінше оның табыс көзі 60 миллион теңгені құраған. Ал екіншісі қаладағы техника жөндеу орталығының ғимаратында орналасыпты. Электр желісіне технологиялық талаптарды сақтамай қосылып, заңсыз пайда тауып келген. Кіріс көзі 30 миллион теңгеден асқан. Тінту кезінде ол жерден  криптовалюталарды өндіруге арналған 80-нен астам технологиялық құралдар тәркіленіп, аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды.