Жетісай мен Мақтааралда жайылымдық жер тапшы

265
14.03.2022 04:40

Жетісай және Мақтарал аудандарында жайылым жер тапшы. Сондықтан ондағы ағайын төрт түлігін Келес ауданынан барып бағуға тура келеді. Ал, ондағылар болса, жеріміз  жаз шықпай жатып-ақ тақырланып қалатын болды деп шағымдануда. Тіпті, кейбір пысықайлар мұны кәсіпке айналдырып алыпты. Онсызда шаруалар  қолдағы азын-аулақ қара-құрасын бағатын жайылым таппай қиналып жүргенде  «Малыңды бағып берейін, әр басына пәлен теңгеден төлейсің» дейтін көрінеді.