Қазақстандық 57 жүк автокөлігінің 49-ы Украйна аумағынан шықты. Осылайша, бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі қалып отыр. Оның ішінде 4-көлік жүргізушісі украиндық азамат.Сонымен қатар, еліміздің азаматтарына тиесілі 1457 жүк вагоны Украинада тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасуда. Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ. Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еліміздің теңіз порттары жанынан «Жедел желілер» ашты. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
️