Шымкентте тұрғын үй ауласынан нәресте табылды

654
14.03.2022 04:34

Шымкентте көп қабатты тұрғын үйдің ауласынан жаңа туған сәби табылды. Жаңбыр астында қалған нәрестені тұрғындар кеше кешкі тоғызда байқаған. Содан колл орталыққа хабарласып, ауыр жағдайда болған бөбек жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Сәбидің қазір беті бері қараған. Дәрігерлер болжамынша ұл бала үш күн бұрын туылуы мүмкін.