“Мың бала” Ұлттық олимпиадасына қатысу үшін өтінім беру басталды

458
11.03.2022 05:43

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Тіркеу биылғы жылдың 19 ақпанынан 20 наурызына дейін жүргізіледі. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 4-8 сәуір аралығында онлайн форматта ал екінші кезең 27-29 сәуір аралығында өтеді. Қорытындыға сәйкес ел бойынша 1000 жеңімпаз анықталады. Сайыста оза шапқандар еліміздің жетекші білім ордаларында - Республикалық физика-математика мектептерінде, «Білім инновация» лицейінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады.