Соңғы 10 жылда халықтың табысы 10%-ға төмендеген

213
11.03.2022 05:40

Халық табысы соңғы 10 жылда 10,8 пайызға төмендеген. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Министрдің айтуынша, соңғы 2 жылда  ақшалай табыстың өсу қарқыны 2,9 пайызға баяулаған. Сондықтан халық табысын арттыру  мақсатында жаңа бағдарлама жүзеге аспақ. Оның аясында 2025 жылға дейін 2 млн жұмыс орны ашылады. Үкімет отырысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жұмыссыз азаматтарға қатысты жоба жайын түсіндірді. Заңнамаға «жас жұмысшы» ұғымы енгізіледі. Олар үшін сынақ мерзімі алынып, басқа өңірден келген азаматтарға да жағдай жасалады.