Түркістан
EN

90 жасына дейін пәтерде күнелткен қария баспаналы болды

366
11.03.2022 08:55

Түркістанда қайырымды жандар 90 жастағы қарияның арманын орындап,  пәтер кілтін табыстады. Тұрмыс тауқыметін тартқан кейуана осы жасына дейін үй жалдап күнелтіп келіпті. Рабия Төребаеваның баспаналы болуына кеткен қаржыны қалалық ақсақалдар алқасының ұйымы жинаған. Өз кезегінде сөз алған әже қайырымды жандарға аналық алғысын жаудырды.

️