Соғыс басталғалы Украинадан екі миллион адам босып кеткен

621
11.03.2022 03:57

Украинадан кеткен босқындар саны күн санап артып келеді. Ресей қарулы күштері елге басып кіргелі екі миллион адам босып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша, Еуропада екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай дағдарыс болмаған. Ал Еуроодақ өз аумағына 6,5 миллион мигрантты қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеді.