Сапасыз интернетке салынатын айыппұл құны 10 есе өсті

599
11.03.2022 03:41

Сапасыз интернет үшін байланыс операторларына салынатын айыппұл көлемі еселеп артады. Қазір 600 мың болса, алдағы уақытта оның сомасы 4,5 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Бүгін Мәжіліс отырысында депутаттар тиісті заң жобасын талқылады. Айта кетерлігі, былтыр жауапты ведомство байланыс операторларының қызметін 560 рет тексерген. Нәтижесінде олардың 370 рет заң бұзғаны анықталды.