Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлімдегендей, мекеменің бөлім басшысы мен оның қол астындағы екі қызметшісі бір жыл бойы кәсіпкерлерден жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып отырған. Есесіне кәсіпкерлер автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп, ешқандай әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Қазір аталған іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
️