Дәл осы сәтте Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің екінші раунды басталуы тиіс. Делегация құрамы бұрынғыша. Кездесу қарсаңында ақпарат құралдарына сұхбат берген Ресей Сыртқы Істер Министрі Лавров әскери қимыл түбегейлі мақсат жүзеге асқанға дейін жалғасатынын жеткізді. Бірақ, Украина Сыртқы Істер Министрі Дмитрий Кулеба Ресей талаптарын қабылдамайтынын айтады. Алайда, тараптар соғыс қимылдарын тоқтату мәселесін, бірінші кезекке қоятыны белгілі болды.
️