Эко-базар кәсіпкерлер үшін «Яссы бизнес» бағдарламасы арқылы 4 пайызбен 5 жылға 60 миллион теңгеге дейін кепілдік арқылы несие бермек. Сауда орны осылайша бағаны тұрақтандыруды көздеп отыр. Көтерме бағадағы бұл базар диқандардың өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жылдам өткізуге, азық-түліктің сапасын сақтауға, тасымалдау шығынын азайтуға өте қолайлы болмақ. Эко-базардың бас директоры Бақнұр Аюбектің айтуынша мұнда азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну тауарлары мен жиһаздар қолжетімді бағада саудаланып, аймақ тұрғындары үшін жүздеген жұмыс орны ашылмақ.
️