Қызметтік көлікпен заңсыз аң аулаған Алматы облысы Райымбек ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Табиғатты қорғау инспекторлары Шалкөде ауылында Sнkoda және Honda автокөліктерін тоқтатқан. Тексеру кезінде инспекторлар бұғы етін, сонымен қатар патрондары бар «Вепр» және «Иж-27» аңшы мылтықтарын тапты. Күдіктілердің бірі Райымбек ауданы әкімінің орынбасары болып шықты. Бір қызығы, шенеунік инспекторларға өзін басқа есіммен таныстырған. Қазіргі таңда аталған фактіге байланысты Райымбек аудандық полиция бөлімі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
️