Түркістан
EN

Қару дүкенін тонағандар 5 жылға сотталды

398
03.03.2022 09:42

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қару дүкеніне ұрлыққа түскен адамдар  5 жылға сотталды. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі  бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Оның айтуынша қазіргі таңда жедел тергеу топтарының өндірісінде 3666 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бар. 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданған. Ал  62 адам түрлі жаза бойынша сотталып отыр.

️