Құмкент ауылының тұрғындары үрей құшағында өмір сүруде

812
02.03.2022 05:19

Созаққа барсаң сақтан, Шикілік шықты ол жақтан. Түркістан облысы, Созақ ауданында бүтіндей бір ауылдың тұрғындары он жылдан бері жанын шүберекке түйіп, үрей құшағында  отыр. Өйткені, Құмкент ауылында кен өндіруші компания жарылыс жұмыстарын жиілеткен. Содан   үйлер мен ғимараттарға зақым келген. Тіпті, жерасты сулары мен бұлақ көздері  тартылып, Қызықкөл аумағы сорланып кетіпті. Тынышы қашқан жергілікті халық  компания жұмысын тоқтатуды талап етеді.