Түркістандықтар үйлерінің алдына ұялы байланыс антеннасы орнатылғанына қарсы

305
02.03.2022 05:16

Көршіміз ұялы байланыс антенасын орнатты. Оның радияциялық зардабын біз тартып жүрміз. Түркістан қаласының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Олардың айтуынша, құрылғы орнатқан үй иесі өзін ғана ойлап отыр. Жұрттың денсаулығына қандай зиян тигізіп жатқанын өздері біліп жатқан жоқ. Тұрғындар мәселені айтып облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевкеде хат жазыпты. Алайда одан мәселе шешілмей тұр.