Украинадағы жағдай қаншалықты ұзаққа созылса, Қазақстан экономикасына да соншалықты әсер етеді. Сондықтан, Ұлттық экономика министрі дағдарысқа қарсы үш 3 жоспар әзірледі. Ресейге қарсы санкциялар салдарынан біздің қаржы нарығына да қысым күшейіп келеді. Ұлттық банк инфляцияның өсу тәуекелдерін азайтуға, теңге жинақтарын қорғауға бағытталған шараларды қолға алды. Ол үшін алтын-валюта резервтерін ұтымды пайдалану тәсілдері қаралып жатыр. Әзірге біздегі ішкі халықаралық резервтер көлемі 87,7 млрд долларға тең. Алтын-валюта қорында 37,7 млрд доллар бар.
️