Украинадағы ұрыс қимылдары күшейе түсті. Күндіз Харьков қаласының орталығына снаряд тасталып, жанындағы ғимараттың тас-талқаны шықты. Кремль болса, қаза болған ресейлік сарбаздар туралы ақпаратты жариялаудан бас тартуда. Ресей қорғаныс Министрі Шойгудың айтуынша, Ресей Украинадағы өз мақсаттары толық орындалғанша соғысты жалғастырамыз деп отыр. Зеленский болса, Киевте өз жарлығымен әскери коммендант тағайындады. Харьков бойынша соққыларды Ресей әскері Град кешенін қолдану арқылы ұйымдастыруда.
️