Жыл өткен сайын қазалы үйде жоқтау айтылудың орнына дастархан мәселесі сәнге айналып барады. Бұл туралы қырғызстандық перзидент Садыр Жапаров дабыл қақты. Тіпті бұл әрекет бай мен кедей арасындағы теңсіздікті тудыратынын айтып, жаназада мал союға тыйым салып тастады. Айырқалпақты ағайындардың бірі бұл шешімді қолдаса, арасында қарсы шығып жатқандар да бар. Ал, біздің ел бұл шешімге қалай қарайды?
️