Арман Жұмагелдиевтің жары Тоқаевтан көмек сұрады. Айкөл Әлікжанова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жариялаған. Ол тергеудің әділ болуын сұрап, күйеуінің Қазақстанға отбасылық жағдаймен келгенін айтқан. Ал Арман Жұмагелдиев қонақүйде болғанда адамдарға көмектесуді ғана ойлаған көрінеді. Алаңға да билік пен халық арасына дәнекер болу үшін шығыпты.
️