13 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген мектеп апатты жағдайда тұр

661
28.02.2022 06:16

Түркістан облысындағы Сайрам мөлтек ауданында 375 милион теңгеге салынған мектеп, апатты жағдайда тұр. Сондай-ақ 521 бала оқыйтын Шоқан Уалиханов атындағы білім ордасы жылуға жарымай,  сыныптың ішінде бүрсеңдеп оқуға мәжбүр. Өңірге жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары аудандағы проблемалары бар нысандарды аралады. Қыруар қаражат жұмсап салынған мектеп не себепті сапасыз салынған?