Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 47 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Бұл жанармай бекетеріндегі саудамен салыстырғанда 40-теңгеге арзан. Демек шаруаларға 193 теңгеден босатылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Нүрбек Бадырақов айтты. Өңірде 540 мың гектарға жаздық дақылдарды егу жұмыстары басталып кетті. Сарыағаш,Келес, Мақтаарал аудандарында 2100 га жерге қырыққабат егілді. Санаулы күнде алғашқы өнім ала бастайды. Жалпы аудан-қалаларда 845 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылын егу жоспарлануда. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарына 5 млрдттан астам несие беріледі.
️