Төлебилік шабандоздар облыс чемпионы атанды

537
28.02.2022 06:07

Төлебиде көкпардан жастар арасында облыс чемпионат өтті. Дүбірлі  додаға 7 ауданнан ат жалын тартып мінген дарабоздар келген. Ордабасы мен Бәйдібек, қазығұрт пен Түлкібас ауданы шабандоздарының  арасындағы кездесу тартысты болды. Нәтижесінде, Төлебилік шабандоздар бірінші орын алса, екінші орын Бәйдібек ауданының шабандоздарының еншісінде. Ал, Қазығұрт ауданының командасы жүлделі үшінші орынды олжалады. Осы жарыста мықты деп іріктелген шабандоздар мен сәйгүліктер наурыз айының 24-31 арасында өтетін Ел чемпионатында  облыс намысын қорғайтын болады.