4 проценттік автонесие 10 млн. теңгеге дейін беріледі. ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осылай деді. Бұл тек 10 млн теңгеге дейінгі көліктерді ғана алуға болады деген сөз емес. Егер сіздің таңдаған көлігіңіз 15 млн теңге болса, оның 10 млн. теңгесін несиеге рәсімдеп, қалған 5 млн. теңгесін өзіңіз құйып алсаңыз болады деді министр. мүмкіндік 4 проценттік автокредит бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.
️