Түркістандық 108 дәрігер Түркия елінің жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамадан өтті. Бастама «Ана жұрттан ата жұртқа – денсаулық көпірі» жобасы аясында жүзеге асты. Оны Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысы әкімдігі бірлесіп қолға алған.
️