Елімізге Қытайдың «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы жетті. «SinoVac» фармацевтикалық компаниясы өндірген қытайлық екпенің бүгін 500 мың дозасы Алматыға әкелінді. Рейсті еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Қытайдың бас консулдығының өкілдері, қаланың бас санитар дәрігері күтіп алды.
️