Өңірде қар құрсауында қалғандар қонақ үйлер мен мешіттерге орналасты

368
16.02.2022 10:43

Түркістан облысында қар құрсауында қалған 130 жолаушы қонақ үйлер мен мешіттерге орналастырылды. Олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. Тәулік бойы кезекшілікте тұрған тәртіп сақшылары тайғақтың кесірінен жол жиегіне шығып кеткен көліктердің доңғалағына құм сеуіп, қардан тазалап, қауіпсіз аймаққа өтулеріне жәрдем берді.