Түркістандық Төтенше жағдай департаментінде техника тапшы

305
15.02.2022 06:53

Түркістандық төтеншеліктерге арнайы техникалар жетіспейді. Бұл туралы өңірге ат басын бұрған төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді. Бүгінде департаментте 3 мыңға жуық  жеке құрам, меншігінде 400 бірлік техника, 6 қайық, 294 мотопомпо бар. Қолда бар құрылғылармен әзірге тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз, дейді мамандар.