Ресей Сыртқы барлау қызметі қаңтардағы бүлікті алдын-ала болжаған

637
14.02.2022 05:48

Ресей Сыртқы барлау Қызметі еліміздегі қаңтар трагедиясының болуы мүмкін екенін болжаған. Бұл туралы ведомство басшысы Сергей Нарышкин «Московский комсомолец» басылымына берген сұхбатында айтты. Сондай-ақ бұл мәліметті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына да көрсеткен.  Оның сөзінше, қаңтардағы оқиға, деструктивті күштердің жедел әрекет ете алатынын және ел қауіпсіздігіне үлкен  қауіп төндіретінін айғақтады.