Сауран ауданына қарасты Ынтымақ ауылының тұрғынын арнамызға хабарласып көмек сұрады. Айтуынша, қазір төрт баласына төленетін ақшаға күнелтіп отыр екен. Ал жергілікті атқамінерлер отбасы жағдайымен таныс болғанымен ешқандай жәрдем бермеген екен. Ал ел тізгінін ұстаған аудан басшылары мәселенің байыбына барып, ерлі-зайыптыларға денсаулықтарына ауырлық тигізбейтін жұмыс ұсынды.
️