Нұрсұлтандағы ұзақ жылдан бері құрылысы тоқтап қалған ғимарат бұзылды. Ол Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сарайшық көшесінің бойында орналасқан. Астана әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясы нысанның ұзақ жылдар бойы тұралап қалғанын айтады. Сондықтан да онда қоныстану қауіпті. Осыны ескерген жауапты органдар көпқабатты нысанды құлатуға шешім қабылдаған.
️