Алматыда қарияны соққыға жыққан жүргізуші ұсталды

261
08.02.2022 04:32

Жүргізуші қарияны таяқпен ұрып-соқты. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның көліктен түсіп, жол бойындағы қарт кісіні соққының астына алғаны анық көрінеді. Алматы қалалық полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеп тексеру жұмыстарын жүргізген. Іздестіру барысында, 47 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Күдікті өзін ақтап алу үшін қария көлігіне зақым келтіргенін айтқан.