Түркістан облысында 40-тан аса мұғалімнің есепшотынан ақша жымқырған алаяқ ұсталды. Белгілі болғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында жұмыс істеген. Өткен жылдың қыркүйегінде жұмыс орнынан шығып, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз қалған азамат ақшаны «оңай жолмен» табуға кіріседі.
️